Алматыда автобус аялдамаға соғылып, екі адам зардап шекті

1206
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/qMLqOnakpvECp0o8V5tjWy96a9GLf8MLofZyP8p0.jpg

Алматыда жолаушылар автобусы аялдамаға соғылды. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде екі адам жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген, деп хабарлайды «Адырна».

Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Солтүстік айналма жолында болған. Алдын ала деректер бойынша, автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аялдамаға соғылған. Сол сәтте аялдамада тұрған адамды қағып кеткен.

Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазір олардың жағдайы анықталып жатыр.

Полиция аталған оқиға бойынша тексеру жүргізіп, апаттың себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген бейнекадрлар тарады.

Comments