«23» қазанда сағат 7.00 мен 11.00 аралығында Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабымен «Барыс Арена» көпфункционалды мұзайдыны сарайы (Тұран даңғылы, 57) жағдайында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізу көзделген.
Шараның мақсаты – құқық қорғау органдары және арнайы қызмет күш-құралдарының терроризм қауіптеріне қарсы жедел әрекет ету дайындық деңгейін тексеру.
Оқу-жаттығу аясында «Барыс Арена» объектісі аумағында белгілі деңгейде тыйымдар мен жаяу жүргіншілер және көлік қозғалыстарына уақытша шектеулер енгізу қарастырылған.
Осыған орай, азаматтарды өтіп жатқан шараға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және жалған ақпараттардың таралуына жол бермеуге шақырамыз.