Кездеспей кеткен бір бейне. Экс-президент өз музейін аралағанда көзге түскен

1290
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Qf9LXkr1lYHJBTR3qHoyQiA0GlQBchWFW3knjYU4.jpg

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Тұңғыш президент атындағы мұражайды аралағаны бейнеге түсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақстанның бұрынғы президенті мұражайда балалармен және мұғалімдермен кездесті. Куәгерлердің айтуынша, ол жақсы көңіл күйде болып, естелік суретке түскен.

Мұражай Астанада орналасқан бұрынғы резиденция ғимаратында жұмыс істейді. Онда Назарбаевқа тиесілі жеке заттар, сыйлықтар мен мұрағаттық материалдар қойылған.

Айта кетейік, бұл — Нұрсұлтан Назарбаевтың көпшілік алдына соңғы айларда алғаш шығуы. Бұған дейін ол мешітте көрінген.

Comments