Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде Қазақстан есімді 28 азамат бар, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Олардың жетеуі Қарағанды облысында, ал алтауы Ақмола облысында тұрады.
Сонымен қатар, Қостанай облысы мен Астанада – 3 адамнан, Алматы мен Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында – 2 адамнан бар.
Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бір-бір адамнан ғана кездеседі.
Бюро мәліметінше, 28 адамның ішінде бір ғана әйел бар.
Қазақстан есімді азаматтардың ең жасы – 25 жаста, ал ең үлкені – 92 жаста.
Related news
Quarantine was introduced in one of the villages of Akmola region due to the outbreak of brucellosis
The Prime Minister: A film will be made based on the plot of the short story “The Death of the Tazy.”
