20 жылға бас бостандығынан айырылған Арман Жұмагелдиев апелляциялық сотқа шағым түсірді. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Апелляциялық сот процесі 14 қазан күні басталған. Қалалық сот отырыстың жабық режимде өтетінін айтты.
«Дикий Арман» лақап атымен танымал Жұмагелдиев бірінші сатыдағы сот үкімімен келіспей отыр.
Еске салайық, Арман Жұмагелдиев Қаңтар оқиғасы кезінде «бір топ адамды ұрып-соғып, күштеп ұстаған» деген күдікке ілінген болатын. Ол 2025 жылдың 27 қаңтарында сот үкімімен 20 жылға бас бостандығынан айырылған.
Related news
Kazakhstani students will compete for the title of the best robotics in international competitions in the United States