Димаштың Мексикадағы концертіне билет 8 минутта сатылып кетті

1264
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yvhf6ivgBXeBlcHRZohGjEBLoquMB9oF11ZtMVWl.jpg

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Латын Америкасындағы концертіне билеттер рекордтық уақытта сатылып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеп.

Әншінің айтуынша, Мексикадағы алғашқы концертіне билеттер небәрі 40 минутта сатылып біткен. Осыған байланысты ұйымдастырушылар қосымша концерт жариялаған, алайда оған арналған билеттер де бар болғаны 8 минутта түгел сатылған.

«Репетиция аяқталды. Жарық сөнді... және менің сезінгенім – тек шексіз ризашылық. Бірінші концерттің билеттері 40 минутта сатылды. Біз екінші концерт қостық – ол небәрі 8 минутта сатылды. Мексика, сен менің арманымнан да асып түстің. Бұл тек концерттер емес... Бұл – жарық пен махаббатпен жазылған біздің ортақ тарихымыз. Энергияларыңызға, сенімдеріңізге және адалдықтарыңызға алғыс айтамын. Рахмет, Мексика», – деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Димаш Құдайбергеннің Мексикадағы концерті Латын Америкасында үлкен қызығушылық тудырып, тыңдармандардың ерекше ықыласына ие болды.

Comments