Ұлытау облысында аумақтық қорғаныс ротасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды

726
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6KQDydt6SFMDptnp5COwQMP3Eyx7tFlU7LAx5fA5.jpg

Сәтбаев қаласында «Отан – менің намысым, борышым» атты аумақтық қорғаныс ротасы әскери міндеттілерінің оқу-жаттығу жиынының салтанатты жабылуы өтті. Жиын 9-18 маусым аралығында өтіп, оған облыс көлемінен шақырылған әскери міндетті азаматтар қатысты.

Оқу-жаттығу жиынының басты мақсаты – әскери міндеттілердің дайындық деңгейін арттыру, жедел іс-қимыл және төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын жетілдіру болды. Жаттығулар барысында қатысушылар далалық жағдайда әскери іс-қимыл элементтерін орындап, түрлі тактикалық және ұйымдастырушылық тапсырмаларды пысықтады.

Жабылу салтанатында бірқатар әскери міндетті азаматқа белсенділігі мен жоғары кәсібилігі үшін Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Алмаз Ыдырысовтың атынан арнайы алғысхаттар табысталды.

Іс-шара соңында салтанатты сап түзеу рәсімі өтіп, қатысушылар Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге дайын екендерін тағы бір мәрте паш етті.

Comments