Экс-банкир Жомарт Ертаев қамауда отыр – ҚАЖҚ

1235
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mHbbCSlDbZRR2bSWExy8M7UXeJ8U4dsgk4W1NVtD.jpg

Экс-банкир Жомарт Ертаев қамауда отыр. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Сот шешімінен кейін ол ұсталды және қазіргі уақытта қамауда отыр», – деді ҚАЖК өкілдері.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Жомарт Ертаевты босату туралы сот қаулысының күші жойылғанын жазған болатын.

Айта кетейік, Жомарт Ертаев 2020 жылғы 16 қарашадағы және 2021 жылғы 3 наурыздағы екі үкіммен сотталған. Оған мемлекет қаржысын жымқырды деген айып тағылды.

Comments