Жыл басынан бері Қазақстаннан 10 мыңнан астам шетелдік шығарылды. Бұл туралы бүгін, 2 қазанда Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Елге 10,8 миллион шетелдік келген. Олардың жалпы санының 90 пайызын ТМД елдерінің азаматтары құрайды. Оның ішінде Өзбекстан (10,6%), Ресей (10,8%), Қырғызстан (8%), Беларусь ( 12%) мемлекеттері бар. Қазақстаннан шығарылған шетелдіктердің жалпы саны – 10 138 адам», – деді ол.
Вице-министр ел аумағынан шығарылған шетелдіктерге бес жылға дейін Қазақстанға кіруге тыйым салынатынын атап өтті.
Related news
How did Kostanay region advance in the issues of digitalization in 2021? Let's take a look at a few examples