Алматыда жол апатынан 8 адам көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Алматы – Бішкек тасжолының 107-шақырымында болған.
«Алдын ала деректер бойынша, Lexus көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен соқтығысқан. Салдарынан сегіз адам оқиға орнында көз жұмды, екі адам ауруханаға жеткізілді», – деді полиция өкілдері.
Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
Related news
Corridor interview. "I think that the opinions of journalists will be taken into account in the working group" - the Minister
