Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватияның Загреб қаласында өткен күрес түрлері бойынша Әлем чемпионатындағы жоғары жетістіктері үшін спортшылар мен бапкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды “Адырна”.
"Құрмет" орденімен:
1. Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Айдос Сұлтанғали;
2. Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Нұрқожа Қайпанов;
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубының жаттықтырушы-оқытушысы Камал Гаджимагомедов марапатталды.
"Ерен еңбегі үшін" медалі:
1. Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Асылжан Есенгелдіге;
2. Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жаттықтырушысы Еркебұлан Кешубаевқа берілді.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Алғысы:
Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясының жаттықтырушысы Юрий Мельниченкоға жарияланды.
Villagers do not participate in TV rating research. That is why the life of Kazakh programs is short.
