«Бүйрегінен айырылды» Бейімдеу орталығында қартты аяусыз ұрып-соққан

1979
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1Jw2zFuWOoa6uhf9aAsmhhXSdpG0r0bcDvAcY8Gg.jpg

Қостанай қаласындағы Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының қызметкері 61 жастағы науқасты аяусыз ұрып-соққан. Оқиғаның бейнежазбасы желіде тарады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ер адам камерада темекі шеккені үшін соққыға жығылған. Видеодан медицина қызметкерінің қарт кісіні жерге құлатып, аяусыз тепкілегені анық көрінеді.

Жәбірленушінің қызы бұл оқиғаның 27 шілдеде болғанын мәлімдеді. 

«Әкемді шылым шеккені үшін медицина қызметкері ұрып, денесіне ауыр жарақат салды. Соның салдарынан оң бүйрегі жыртылып, көп қан жоғалтты, бүйректі алып тастауға тура келді»,–деді ол.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қасақана ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Жақын уақытта қылмыстық іс материалдары сотқа жолданады», – делінген хабарламада.

Comments