Тоқаев грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды құттықтады

742
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/VuduW2KAr0iHaxEFJ4sRmeaYqAfT6VbD50ncuIzW.webp

Фото: olympic.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды айтулы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды "Адырна". 

«Айдос Сұлтанғалиды әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын. Ол – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз. Балуандарымыздың жеңісті жолды жалғастыра беруіне тілектеспін», – деп жазды президент Instagram парақшасында. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Айдос Сұлтанғалидың грек-рим күресінен 26 жылдан кейін әлем чемпионатында алтын алған еді. 

Comments