Журналист Гүлбану Әбенова Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің жоғары білімі туралы ақпараттың ашықтығына күмән келтірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы POLITICO.KZ-ке сілтеп.
Әбенованың айтуынша, министрлік ресми сауалға толыққанды жауап бермей, шенеуніктің дипломына қатысты құжат көшірмелерін ұсынудан бас тартқан.
Күмән тудырған дерек министрдің ресми өмірбаянындағы Италиядағы оқуына байланысты. Онда Саясат Нұрбек 2005–2006 жылдары Римдегі La Sapienza университетінде магистратурада оқығаны көрсетілген. Алайда журналистің пайымдауынша, Италияда толыққанды магистр дәрежесін алу үшін екі жылдық оқу қажет, ал бір жылдық бағдарлама тек біліктілікті арттыру немесе дайындық курсы болып саналады.
«Шенеуніктер көбіне бір жылдық бағдарламаларды сырт көзге «магистратура» деп көрсетіп жүр. Ал Италияда академиялық магистрлік дәреже – екі жылдық оқу нәтижесінде ғана беріледі», – дейді Әбенова.
Осыған сүйене отырып, журналист Саясат Нұрбектің қоғамды «академиялық магистр» деп жаңылыстыруы мүмкін екенін алға тартып отыр. Оның болжамынша, министрде тек бакалавр дәрежесі ғана болуы ықтимал.
Personal data of 2 million Kazakhstani people who applied to microfinance organizations were leaked online