Жамбыл облысында 9-сынып оқушысы қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға мектептің әжетханасында болған жанжал кезінде орын алған. Тиген соққыдан жасөспірім көз жұмғаны туралы ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады.
Ведомствоның мәліметінше, бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі («Ауыр дене жарақатын абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғн.
Күдікті жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Қазіргі уақытта істі толық, жан-жақты және объективті тергеуге бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес қосымша мәліметтер жария етілмеді.
Zhiguli ‘violated the charter.’ Dairabayev, who ran for the presidency, was dismissed from his position
More than 960 millions tenge were allocated for the purchase of disaster relief equipment in the WKR
