Балалар болған. Ақтауда қайықтардың соқтығысқан видеосы тарады

1752
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/uUApSlsmhvZIFYfsrirLlZZdxTqOhiweF29FVVLf.webp

Ақтауда шағын қайықтар соқтығысты. Бұл туралы желіде видео тарады, деп хабарлайды  “Адырна” ұлттық порталы Lada.kz сайтына сілтеп.

Видеожазбаны катердің жолаушысы телефон камерасына түсірген. Ол «Elise» катерінде балаларымен бірге болған.

Кадрда жолаушылар су үстінде серуендеп жүрген сәтте кенеттен соқтығыс орын алған.

«Izi» катерінің жүргізушісі теңіздегі қайықтардың соқтығысуын болдырмау ережелеріне (МППСС-72) сәйкес оңға бұрылған, ал «Elise» солға бұрылып кеткен. Осы жағдай апатқа әкелді»,- деп түсіндірді жағдайды «Бриз» яхт-клубында.

Видеоға соқтығыс сәті де түсіп қалған. Артынша борттағы балалардың айқайлаған дауыстары естіледі.

Оқиға кеше, 13 қыркүйек күні кешке «Меловой» маягының қарсысындағы үлкен пирс маңында болған.

Comments