Түркияда жер сілкініп, ел дүрлікті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы РИА-ға сілтеп.
Анкарада 4,1 балдық жер сілкінісі сезілген. Шетелдік басылым мәліметінше, жер сілкінісі Чанкая аймағында болған.
Желіде қала тұрғындарының қоғамдық тамақтану орындары мен сауда орталықтарынан жүгіріп сыртқа шыққан сәтінен видеолар да тарап жатыр.
Апаттарды басқару басқармасының (AFAD) мәліметінше, жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар жоқ.
Related news