Алматыдағы “Шымбұлақ” тау-шаңғы курортында 3200 метр биіктікте “Комби-2” аспалы жолы тоқтап қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Құтқарушылар мен курорт қызметкерлері кабиналардан 21 адамды альпинистік құралдармен түсіріп, тағы 100-ден аса қонақты Талғар асуынан төмен жеткізді.
Курорттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат 12:26-да тіркелген. Алдымен резервтік қозғалтқыш іске қосылып, қонақтар ортаңғы станцияға жеткізілді. Кейін жөндеу ұзаққа созылатын болғандықтан, эвакуация альпинистік әдіспен жүргізілді.
14:54-те барлық қонақтар сәтті құтқарылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір “Комби-2” аспалы жолы уақытша істемейді, жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Related news
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival