Талғарда тағы қылмыс па? Белгісіз ер адам тұрғынды атып, қызын ұрлады деген ақпарат тарады

1089
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/B7JYyT4zL2BTEQTFnzRtM0vr6BwfXenkpKsXanrl.webp

Талғар қаласында қайғылы оқиға орын алды. Белгісіз ер адам жергілікті тұрғынды атып өлтіріп, оның екі жасар қызын алып кетті деген ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Stan.kz-ке сілтеп.

Адвокат Гаухар Сариеваның айтуынша, қылмыскер бұған дейін де қылмысқа күдіктелген. Бір ай бұрын ол марқұм болған ер адамның қарындасын зорлады деген айып тағылған. Күдікті көлік жөндеу орталығының қызметкері болған.

Алайда адвокаттың сөзінше, ол іс бойынша полиция ешқандай шара қолданбаған. Екі күн бұрын марқұм ер адам әйелімен бірге күдіктіні ұстап, полицияға тапсырған. Бірақ келесі күні ол бостандыққа шыққан.

Осыдан кейін күдікті Сариеваның әпкесіне қоңырау шалып, қорқытып жүрген. Ақыры ол ағасының үйіне барып, оқ атып, ер адамды өлтірген. Кейін оның екі жасар қызын алып кеткен.

Аталған жағдайға байланысты Алматы облыстық полиция департаментінен ресми түсініктеме сұралды, алайда әзірге жауап берілген жоқ.

Comments