Шымкент қаласының тұрғыны қоғамдық дәретхананың есігін теуіп, бүлдіргені үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Сот дерегінше, оқиға 2025 жылдың 4 қыркүйегінде сағат 19:40 шамасында «Арбат» аллеясында болған. Әйел дәретхананың есігін тепкілеп, ішке кірген соң гүлді сыртқа лақтырып, айғайлап сөйлеген. Оның бұл әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзып, айналадағылардың тыныштығына кедергі келтірген.
Бейнеге түсірілгендей ол хиджаб киген.
Сот шешімімен ол «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК (78 600 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
Related news
A hotel fire in Turkey claimed the lives of 76 people, and a national day of mourning has been declared
Abylay Myrzakhmetov, the former head of the Atameken National Chamber of Entrepreneurs, was detained
