Трамп ШЫҰ жиынын "астыртын сөз байласу" деп бағалады

1678
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/SCXEUpu8VVBbXtrQBpdf8f76dyhJAlbhB6vFdGTW.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп Бейжіңде өткен әскери парадқа пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы Ақ үй басшысы әлеуметтік желідегі өз парақшасында жазды.

Трамп жазбасында Қытайдың азаттығы жолында америкалықтардың да қаза тапқанын еске салды. Ол қытай халқына мерекелік күн тілеп, Путин мен Ким Чен Ынға жылы сәлем жолдады.

Алайда ол өз сөзінде Қытай мен Ресей, КХДР арасындағы «астыртын жоспарға» меңзеу жасады.

Айта кетейік, бүгін Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толуына арналған ірі әскери парад өтті. Шараға қатысушы құрметті қонақ ретінде Владимир Путин мен Ким Чен Ын айтылды. Әскери шеруде Қытай армиясы алғаш рет стратегиялық ядролық үштағанына кіретін зымырандарын көрсетті.

Comments