Бейжіңдегі мәдени орталық: әдебиет, кино және ұлттық киім көрмесі

1591
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BZOZXyp4yyIGTIUB94JlyUT6Ni7ztTweysrsvE8T.jpg

Қытайдағы Қазақстан мәдениет орталығының ашылу рәсіміне қатысты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Журналист Ерқанат Көпжасар министрге аз-кем сауал қойып, орталықтың ашылу тарихына қатысты ақпар берді.

Министр орталықты 2022 жылы бастау алған идеяның жемісі екендігін айтты.

Біздің мәдениетімізді, әдебиетімізді, киномызды танытуға үлкен мүмкіндік бар. Кешенді жұмыс болады... Ұлттық киімді де қоюға тырыстық. Ең бастысы, біздің домбырамыз бен қазақ тілін үйренуге мүмкіндік бар. Екі класс ашылды, – деді Аида Балаева.

Comments