30 тамыз күні Қарағандының орталық алаңында өткен Шахтер күніне арналған мерекелік концертте 235 бала жоғалып кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Мерекеде қауіпсіздікті мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның 300 әскери қызметшісі қадағалаған.
Ведомство мәліметінше, балалардың барлығы дер кезінде табылып, ата-аналарына қайтарылған.
– Полицейлер концерт жүргізушілерімен тікелей байланыс орнатып, табылған балалар туралы дереу хабарлап отырды. Сондай-ақ бүлдіршіндер қауіпсіз жерде болуы үшін арнайы автобус бөлініп, онда ата-анасы келгенше бақылауда болды, – делінген хабарламада.
Related news