Ғалым Әлкей Марғұланның үш томдық еңбегі жарық көрді

1723
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/A9qkcs6FjwCjEtVY10EC7Fc0gkBEMN6z7aX7dCig.jpg

Белгілі ғалым, академик Әлкей Хақанұлы Марғұланның үш томдық ежелгі жыр-аңыздарға арналған құнды еңбегі жарыққа шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы "Атамұра" корпорациясының президенті Рақымғали Абрарұлы Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Жазбада:

"Белгілі ғалым, академик Әлкей Хақанұлы Марғұланның үш томдық ежелгі жыр аңыздарға арналған құнды дүниесін жарыққа шығардық. Осыған орай асылдың сынығы Дәнел Әлкейқызының қолынан шәй ішіп, батасын алып қайттым.

“Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді” дегеніміз осы болар", - делінген. 

Дәнел Әлкейқызы кітаптың алғашқы бетіне қолтаңбасын қойып, ерекше тілек жазған. 

"Әкемнің кітабын шығарғаныңызға сізге шексіз ризамын!"- деп пікір білдірген.

 

Возможно, это изображение 2 человека

Возможно, это изображение текст

Comments