Жеткілікті бензин бере алмай отырған елде көптеген сұрақтар туындауы мүмкін

2058
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XfXk99YnPf8t7OyqOqLXGv1dha2LXqn19HEftyqB.jpg


Майдан шебінен жырақта жатқан Ресейдің Куриль аралдарында жанармай сату ісіне қатаң шектеу енігізлді. Бір адамға күніне бар болғаны 10 литр бензин ала алады. Жанармай құю стансалары бензинді ең алдымен жедел жәрдем, өрт сөндірушілер, құқық қорғау органдары және коммуналдық қызмет секілді тіршілікті қамтамасыз ететін құрылымдарға беруде. 

Бұл уақытша дағдарыс секілді көрінгенімен, шын мәнінде Ресейдің энергетикалық жүйесіндегі әлсіз тұсын айқын көрсетіп берді.

Соңғы апталарда украин дрондарының соққысынан Ресейдегі ірі төрт мұнай өңдеу зауыты істен шығарды. Олар – Саратов, Сызрань, Новокуйбышевск, Волгоградтағы мұнай өңдеу зауыттары. Аталған зауыттар Ресейдің батыс пен орталық аймақтарына отын жеткізетін стратегиялық тораптар болған. 
Бұған Мәскеу мен Мәскеу облысын қамтамасыз ететін Рязаньдағы «Роснефть» зауыты қуатының жартысын тоқтатқанын қосыңыз. Ал Краснодар өлкесіндегі Славянск, Афипск, Ростов маңындағы Новошахтинск зауыттарына жасалған дрондық шабуылдар жалпы өндірістің 13 пайызын тоқтатқан. 

Осы соққылардың салдарын қиырдағы Куриль аралдары айқын сезе бастады. Географиялық жағынан жырақ, логистикасы қиын бұл өңірде бензин тапшылығы өте жылдам байқалды. Өйткені теңіз арқылы жеткізілетін жанармайдың әр литрі Ресейдің ішкі нарығындағы өндіріс пен қоймалардың жағдайына тәуелді. Аралда қалыпты тіршілікке қажетті жанармай көлемі күрт азайғандықтан, жергілікті билік орындары мәжбүрлі түрде нормалау режимін енгізген. 

Қарапайым тұрғындарға жеткілікті бензин бере алмай отырған елде алдағы уақытта көптеген сұрақтар туындауы мүмкін. 

Әлемдік тәжірибеде мұндай сценарийдің арты ауыр болатынын талай рет дәлелденген. 1990-жылдары Парсы шығанағы соғысында Ирак мұнай инфрақұрылымынан айырылған кезде экономикасы бірнеше айда күйрегені есімізде. Ал Ливиядағы соғыс кезінде де мұнай зауыттарына соққы жасалғанда елдің бүкіл қаржы жүйесі шайқалған болатын. Қазір Ресейде осыған ұқсас процесс жүруде. 

Нұрлан Жұмахан

 

 

 

Comments
Other materials