«Көкпар» – пайғамбарымыздан қалған ойын» деген уағызшыға Гугл жауап берді

705
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wv77WNTDUBJ4CsetjxytQ6a2OwfqMXBpCnG10nd5.png

Желіде “Kochevnik” атты блогер “Көкпар – пайғамбарымыз бен оның ізбасарлары сахабалардан қалған ойын” деген уағызшының видеосын жариялап, көпшіліктің талқысына ұсынды. Бұл пікір әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі реакция туғызып, көкпардың шынайы шығу тегі туралы сұрақтар тудырды.

Блогер бұл даулы пікірге жауап алу үшін Гуглге жүгініп, “Көкпар қазақтың ойыны емес пе?” деген сауал қойды.

Гугл:«Көкпар – қазақтың ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық ойыны және белгілі бір діни  тұлғаға қатысы жоқ екенін» айтты.

Ұлттық спорт саласының мамандары да көкпардың исламға дейінгі дәуірден басталатынын айтып келеді. Белгілі этнографтар мен тарихшылар бұл ойынды түркі және моңғол халықтарының ортақ мәдени мұрасы ретінде қарастырады. Дегенмен, оның қазақ арасында ерекше дамып, қазіргі Қазақстанда ұлттық спорт мәртебесіне ие болғаны – тарихи шындық.

Comments