Президент Тоқаевтың сапары "Ата бейіт" пен Айтматовтың зиратынан басталды

1579
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/uq5ih9rJFZXiyZVKgbin5NufJbmTKxz9Qp1NnzTm.webp

Қырғыз Республикасына ресми сапармен барған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етті, деп хабарлайды "Адырна".

Мемлекет басшысының Қырғыз Республикасына ресми сапары «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталған болатын. Осыдан кейін президентті осы кешеннің атауын қойып кеткен Шыңғыс Айтматовтың да зиратына барып, Құран бағыштаған.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқының кемеңгер жазушысы Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етіп, қаламгердің рухына Құран бағыштады», - деп хабарлайды Ақорда.

Comments