Астанада 7 жастағы бала ата-анасының көлігіне отырып, бірнеше автокөлікке соғылды

1067
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/18VGZZjo5LONmsCXc0SAdtVda40Vtae4IPHuByGp.webp

Астанада 7 жасар бала ата-анасының көлігінің кілтін алып, автокөлікті жүргізбек болған. Нәтижесінде аулада тұрған бірнеше машинаға соғылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген фото мен видео тарады.

Полиция кейіннен баланың және оның ата-анасының тұлғасын анықтағанын мәлімдеді.

«Факті бойынша ата-анасы балаға дұрыс қарамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуге, көлік кілттері мен өзге де қауіпті заттарды қараусыз қалдырмауға шақырады», — делінген Астана қаласы ПД хабарламасында.

Қазіргі таңда оқиға бойынша тиісті тексеріс жүргізілуде.

Comments