СҚО-да 17 жастағы жасөспірім көз жұмды

1024
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bOUfEfwV1HD9hNQb7IevXCmHxMcGgJtZPAXcM4g9.jpg

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданына қарасты Кенжеғалы ауылында жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.

Ресми емес дерекке сүйенсек, қаза болған жасөспірім 17 жаста болған. Ол өз ауласындағы белтемірге асылып қалған. Марқұмды таңертең әкесі тауып алған.

Айта кетейік, бұған дейін СҚО-да 15 жастағы жасөспірім қолдан жасалған қарудан қаза тапқан болатын.

Comments