Келіссөз жүргізу үшін. Зеленский Вашингтонға ұшып барды

1190
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/kIEp34BE33aNZoSFdnlzDgr54oGwUBCjeDZul9oO.jpg

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа ұшып барды. Бұл туралы ол өзінің Telegram-каналында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Вашингтонға келіп жеттім. 18 тамызда президент Трамппен кездесу болады. Біз еуропалық көшбасшылармен сөйлесеміз. АҚШ пезидентіне шақырту үшін алғыс айтамын», — деді  Зеленский.

Ол Украинаның ұзақ мерзімді бейбітшілікті ұстанатынын атап өтті.

Өз кезегінде АҚШ президенті Truth Social желісінде украиналық көшбасшы Қырымнан бас тартса және НАТО-ға қосылмау шешімін қабылдаса, дауды бірден тоқтатуға мүмкіндігі бар екенін жазды.

 

Comments
Other materials