Қайрат Нұртастың анасы жеке сусабын брендін шығарды

722
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4HZf8M4rC7RdrF4U7npAJGtF6E3wAzVDehtIhc0Y.jpg

Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова өзінің жеке сусабын брендін шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Продюсердің айтуынша, жаңа өнімнің тарихы сахнадағы 20 жылдық еңбегімен тікелей байланысты.

«Жүректен шыққан нәрсе – жүрекке жетеді дейді. Бұл жай ғана сусабын емес, менің арманымның жемісі, энергиям мен сұлулығымның сыры. Бағасынан сапасы мен құндылығы жоғары өнім», – деп жазды Айдарбекова.

Ол сусабынды әзірлеу барысында әйелдің ең басты сәні саналатын шаштың күтіміне ерекше мән бергенін атап өтті.

«Ұзын шашты күтіп ұстау оңай емес. Сол себепті шаш күтімінің бүкіл рецепті осы өніміме қосылды», – деді ол.

Жаңа өнім GULZIRA брендімен шыққан. Оның бағасы – 13 500 теңге. Продюсердің айтуынша, жалпы саны – 5 мың дана.

«Бұл өнімді алған әр қыз-келіншек асыл ана, бақытты әйел, легенданың анасы болуға қадам бассын», – деп жазды Айдарбекова. 

Comments