15 тамызда Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, қайғылы оқиға сағат шамамен 14:00-де Әйтеке би ауданы, Белқопа ауылы маңында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Alphard маркалы жеңіл автокөлігі мен Volvo маркалы жүк көлігі қарсы бағытта соқтығысқан.
«Оқиға салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы үш адам әртүрлі дене жарақаттарын алды. Оқиға болған жерді қарау барысында жол жамылғысының асфальтбетон екені, көріну қашықтығының шектелмегені және учаскенің түзу екені анықталды. Аталған учаскеде шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілуде; жұмыс жүргізу рұқсатына сәйкес тиісті жол белгілері орнатылған, сондай-ақ жылдамдықты сағатына 40 шақырымға дейін шектеу енгізілген»,—делінген хабарламада.
The minister does not see anything wrong with teachers participating in school yard clean-up activities
There is no place in the Kazakh class". The Internet says that the Russian class is being created "on purpose".