Оралда қоқыс контейнерінен жаңа туған шақалақтың мәйіті табылды

1108
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/kPJmtB6szZzrICgFN1Qo6IODv120pF8eNFaFX3E7.jpg

Орал қаласында қоқыс контейнерінің жанынан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға Зачаганск ықшамауданындағы Бірлік көшесі, 17-үй маңында болған. Бұл сәттің видеосы Kris_p_astana Telegram-арнасында жарияланды.

«Орал қаласында жаңа туған сәбидің мәйіті табылуына байланысты полиция қызметкерлері анасының жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр», — делінген ведомство хабарламасында.

Comments