Шымкент қаласына Абай ауданындағы әкімдік ғимаратын түн ортасында өрт шарпыды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Куәгерлердің айтуынша, жалын мен қалың түтін алыстан-ақ көрінген. Оқиға сәті тұрғындар түсірген бейнекадрларда да байқалады.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт аумағы шамамен 1200 шаршы метрді құраған.
"Тәуке хан даңғылы, 3 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабар сағат 03:19-да түсті. Әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді. Жалын сағат 05:27-де толық сөндірілді", — деді құтқарушылар.
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Related news