«Хуторлық бригада» басшысы деп аталып жүрген Хасан Қасымбаевтың ісі Талғар аудандық сотында қаралатын болады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі алғашқы тыңдалымның 20 тамыз күні өтетінін мәлімдеді.
Еске салайық, 4 қарашада Хасан Қасымбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Кейінірек Алматы облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Қасымбаев 2021 жылы маусым айындағы оқиғаға байланысты "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" және "Адам ұрлау" баптары бойынша күдікке ілінген.
Related news
The 100th anniversary of Berdibek Sokpakbaev and Nurgisa Tilendiev will be celebrated at the level of UNESCO