Иран Оңтүстік Кавказда жоспарланып отырған көлік дәлізіне қарсылық білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл дәліз Әзербайжан мен Нахичеванды Армения арқылы байланыстырады. Жоба АҚШ-тың президенті Дональд Трамптың атымен аталмақ. Жер учаскесі 99 жылға АҚШ-қа жалға берілетіні хабарланған.
Иранның Жоғарғы басшысының кеңесшісі Әли Акбар Велаятидің айтуынша, бастама аймақ қауіпсіздігіне қатер төндіреді.
«Оңтүстік Кавказ – ешкімнің иелігіндегі бос аймақ емес. Бұл дәліз Трамптың меншігіндегі транзит жолы емес, оның жалдамалыларының зиратына айналады», — деді ол.
Велаяти Ресей де бұл жобаға стратегиялық тұрғыдан қарсы екенін мәлімдеген. Алайда Иран Ресейсіз де аймақтың қауіпсіздігін қорғайтынын мәлімдеді. Оның сөзінше, АҚШ-тың ықпалы артса, НАТО да Оңтүстік Кавказда өз орнын күшейтіп, бұл Иран мен Ресей арасындағы «жыланға» айналуы мүмкін.
CNN және Reuters деректеріне сәйкес, жоба Армения юрисдикциясында болады, ал құрылысы мен басқаруын арнайы консорциум атқарады. Армения премьер-министрі Никол Пашинянның айтуынша, «Трамп жолы» ел тарихындағы ең ірі инвестициялық бағдарлама болмақ.
Euro-cooperation: France plans to build a nuclear power plant in Uzbekistan, from which it imports uranium