Экс-министр Бишімбаевтың қарындасы мен гастроорталық арасында дау туындады

1268
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1QOquPNqfrMCYMvJq2MJO6mJlL8avkbAcmVYhQNq.webp

Елордадағы «Гастроорталық» ғимаратында орналасқан ZIMA түнгі клубы мен Қуандық Бишімбаевтың қарындасы Аружан Бишімбаева арасында дау туындады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы POLITICO.KZ-ке сілтеп.

Клуб әкімшілігінің айтуынша, 8 тамызда Аружан Бишімбаева еш ескертусіз келіп, мекеменің электр жарығын өшірген. Салдарынан клуб жұмысы тоқтап қалған. Сондай-ақ ол «Гастроорталық» басшылығы арқылы жалға алу шартын қысқартып, желтоқсан айында клубтың ғимараттан шығуы тиіс екенін хабарлаған.

ZIMA өкілдері бұл әрекеттердің заңды негізсіз жасалғанын айтып, «Гастроорталықты» нақты кім басқаратыны жөнінде жауап күтетінін мәлімдеді. Олар 2023 жылғы оқиғалардан кейін Бишімбаевтар отбасы кешенді басқарудан толық кеткені жарияланғанымен, жақын туыстарының іс жүзінде араласып отырғанына күмән келтірді.

Өз кезегінде Аружан Бишімбаева Instagram парақшасында бұл айыптауларды «бопсалаудың арзан әрекеті» деп атап, мейрамхана өкілдерін қоғамды алдамауға шақырды.

Comments