АҚШ Әуе күштерінің Boeing WC-135R радиациялық бақылау ұшағы Ұлыбританияның шығыс жағалауында апаттық сигнал берді. Report агенттігінің мәліметінше, бұл туралы Flightradar қызметінің деректерінен белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна”.
Ұшақ Милденхолл әскери-әуе базасынан ұшып шығып, Нидерланды үстімен ұшқаннан кейін кері бұрылып, Англияның Кромер қаласының шығысындағы теңіз үстінде шамамен үш айналым жасаған.
Flightradar мәліметі бойынша, ұшақ "Squawk 7700" сигналын берген. Бұл – ұшу кезінде бортта төтенше жағдай болғанын білдіретін халықаралық код.
Астана уақытымен 15:37-де ұшақ Милденхолл базасына сәтті қонғаны хабарланды.
Related news
There is no information about the participation of citizens of Kazakhstan in the war in Ukraine - MFA