Гендер-пати. Батыстан келген «дәстүр» қазаққа керек пе?

1303
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/10VYYmuzbiQTCVGOztoYGxw1ev6YuqdIF4KFDNvi.png

Елдің көзінше қарнын сипалап, әлденені жарып, көк немесе қызыл түсті бояу шашыратып әлі дүниеге келмеген шақалақтың жынысын айтып, өзінің екіқабат екенін паш етіп жүрген жастарда жазық жоқ.

Тырсиған қарынды сипаламақ тұр ғой жұрттан жасырып әлекке түсіп, тіл мен сұқтан қорғанып, әке мен ағаның көзіне түспей ұялып қашатын бұрынғы келін жоқ. Өйткені соны түсіндіретін қазіргі әке-шеше мен ата-ененің өзі тексіздеу.

“Тәйт, көргенсізді” айтудың орнына өздері қосыла шауып далақтап жүр. Он шақалақтың екеуі - ДЦП, екеуі - аутист боп туатын кезде көттен шықпай жатқан балаға той жасап дарақыланудың жөні бар ма?

Құрысын, білгеніңді істе, бірақ тоғыз айға жетпей түсік тастап не сәби өлі туса ше? Ауру боп шықса кімнен көрер едің? Маймылтектес қазақтың көбейгеніне қалай қарайсыңдар?

Айгүл Болатханқызы

Comments
Other materials