Іздеуде болған. Шымкентте 26 жастағы қыздың мәйіті қоқыс жәшігінен табылды

1320
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/kisen.jpeg

Шымкентте қоқыс жәшігінен 26 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол 21 шілдеден бері іздеуде болған. 

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қызды өлтірді деген күдікпен бір адам ұсталған.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктінің жеке тұлғасы анықталып, ол ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта бұл іске қатысты барлық мән-жайды анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады Шымкент қалалық Полиция департаменті.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары жалған ақпарат тарату – қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және заң аясында жазаланатынын ескертті.

Comments