Украина Қарулы күштері Ресейдің бірден бірнеше өңіріне дронмен шабуыл жасады. Бұл туралы жергілікті БАҚ-тар мен Telegram арналары хабарлады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Mash арнасының мәліметінше, алғашқы соққы сағат 00:00 шамасында Ростов облысында тіркелген. Кейін Рязань, Липецк, Воронеж және Пенза облыстарында да жарылыстар болғаны туралы ақпарат тарады.
Қала тұрғындары бірінен кейін бірі болған жарылыстарды естіген. Сауда орталығы маңындағы ғимарат отқа оранды. Куәгерлердің айтуынша, дрондар өте төмен биікте ұшып, 5-тен 10-ға дейін жарылыс болған. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері іске қосылған.
Пензада сегізге жуық жарылыс тіркелді, ал Самара облысындағы Новокуйбышевск қаласының тұрғындары таңғы 4:30 шамасында 15-ке жуық жарылысты естіген. Дзержинский ауданында жарылыстар ерекше күшті болған. Кейбір тұрғындар автоматпен атысқа ұқсас дыбыстарды да естіген.
Түнгі дрон шабуылдарының салдарынан кемінде екі адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алған.
“No need for an uprising.” The father of the deceased issued an appeal regarding the incident in Talgar
“Marks of a rope were found on his body.” The brother of the officer who passed away in Zharkent shared his thoughts