«Каспий» биржасы ESG рейтингін нығайтты. S&P Global CSA 2025 нұсқасы бойынша 60 балл жинады

1912
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/AODa1TeFS3NUAO9IIe8AC1YIEq3pVTVte9p2zSJb.jpg

«Каспий» тауар биржасы» АҚ S&P Global халықаралық рейтинг агенттігінен корпоративтік тұрақтылықтың кезекті бағасын алғаны туралы хабарлады.

2025 жылғы S&P CSA бағалау қорытындысы бойынша«Каспий» тауар биржасы» АҚ 100 балдық шкала бойынша 60 балл алып, өз көрсеткішін 19 балға жақсартты.

Жаһандық қаржы компаниялары арасында «Каспий» тауарбиржасы» АҚ 95-процентильді иеленді – S&P скорингіне қатысқан сала қатысушыларының 95%-ы бұдан төмен балл алды.

S&P Global компаниясының жоғары ESG скорингі«Каспий» тауар биржасы» АҚ-ның бизнесті жауапты жәнеәдепті жүргізуге, экологиялық, әлеуметтік жәнебасқарушылық орнықтылық қағидаттарын сақтауға, БҰҰ-ныңорнықты даму мақсаттарына корпоративтік үлесін кеңейтуге бейілділігін растайды.

S&P Global компаниясының «Каспий» тауар биржасы»АҚ-ға берген CSA бағасы жария болып табылады және стейкхолдерлерге S&P Global вебсайтында қолжетімді.

«Каспий» тауар биржасы» АҚ 2011 жылғы қарашадақұрылған және бүгінгі күні сауда операцияларының көлемімен даму серпіні, оның ішінде электрондық сауда саласындағы Қазақстан Республикасының жетекші биржаларының бірі.

«Каспий» тауар биржасы» АҚ әлемнің 25 мыңнан астам компаниялары мен ұйымдарын біріктіретін орнықты даму саласындағы ірі халықаралық бірлестік – БҰҰ Жаһандық шартының қатысушысы

Comments