Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді

971
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/poGwPn07HycemWXKmCSYzWbs0qpOcOiyXcdKKQoF.webp

Жексенбі күні таңертең Әзербайжанның Каспий теңізіндегі акваториясында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясына қарасты Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметіне сілтеме жасап АЗЕРТАДЖ агенттігі хабарлады.

Сейсмологиялық орталықтың ақпаратына сәйкес, Каспий теңізінде болған жер сілкінісінің магнитудасы 3,2 болған.

Жерасты дүмпулері Астана уақытымен 07:46 тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы 68 километр тереңдікте, Гала станциясынан 76 шақырым солтүстік-шығыста орналасқан.

Comments