Ақтөбеде мешітте белгісіз еркек "уақытша неке" ұсынды деген кыз алғашқ видео тарағаннан кейін қысымға ұшырағанын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
“Түнгі сағат үш шамасында терезе алдына белгісіз біреулер келіп сыртқа шық деп айқайлады және белгісіз номерлер хабарласты. Мен қатты қорқамын” - дейді бойжеткен.
Кеше бойжеткен мешітке намаз оқуға барып, өте бейәдеп жағдайға қалған. Ол видеоға түсіріп, желіде қыздарға ескерту ретінде жариялаған.
Сөзінше видеодағы ер адам оған төсек қатынасын ұсынған. Тіпті оны адал, дін аясында деп тусіндруге тырысыпты.
Еске сала кетейік, Ақтөбе облысы полиция департаменті ер адамның жеке басын анықтап, мән-жайды анықтау үшін ішкі істер органына жеткізген.
The minister does not see anything wrong with teachers participating in school yard clean-up activities