American Airlines компаниясына тиесілі Boeing 737 Max ұшағы Денвер халықаралық әуежайында өртенді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Куәгерлердің айтуынша, ұшақтың шассилерінің бірінен ұшып көтерілу кезінде от тұтанған. Сол сәтте ұшақ бортында 6 экипаж мүшесі мен 173 жолаушы болған. Оқиғаға байланысты барлық жолаушылар шұғыл түрде эвакуациялық трамплин арқылы шығарылған.
Оқиға салдарынан 5 адам жеңіл жарақат алып, оларға сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ал бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Осы төтенше жағдайға байланысты әуежайда 87 рейс кешіктірілген.
Related news
The new mayor of Astana announced the deadlines for the completion of the LRT construction in the capital
President's order: 22 schools should be built within the framework of the "Comfortable School" project