Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Бодрумда демалыста жүрген кезінде суға батып кете жаздады. Бұл туралы Haberler жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
Ақпаратқа сәйкес, оқиға Бодрумның Кайнар ауданындағы бес жұлдызды қонақүйде түстен кейін болған. Қадыров суға түсу кезінде кенеттен қиындықтарға тап болды. Жақын жерде болған жағалау күзетшілері жағдайды байқап, оны құтқарып, дәрігерлер бригадасын шақырып, Қадыровқа көмек көрсетті.
Кейін Шешенстан басшысы жедел жәрдеммен жекеменшік ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Related news
The Turkic Academy commemorates the victims of Azerbaijani political repression at the ALZHIR Museum