Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотталғандардың бірі Думан Ысқақ бостандыққа шықты, ал осы іс бойынша апелляциялық сот 18 тамызда қаралады. Бұл туралы Шерзат Полат жанұясының қорғаушысы заңгер Мейірман Шекеев мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".
Думан Ысқақ кәмелеттік жасқа толмаған 434-бап, яғни ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған еді.
“Бірінші сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеп қойғандықтан Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мұсабекованың 2025 жылғы 23 шілдедегі сот қаулысымен бұлтартпау шарасы жойылып, Ысқақ қамаудан босатылды”, – деді Шекеев.
Айта кетейік, дәл осы Думан Ысқаққа сот залында Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов кешірім бергенін айтқан еді. Ал аппеляциялық шағымды Шыңғыс Белғожаев пен Думан Ысқақтан басқа жеті сотталған берді. Енді аппеляциялық сот отырысы 18 тамызда Алматы облыстық сотының ғимаратында қаралады.
Еске салайық, 5 маусым күні Талдықорғанда кісі қолынан қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың ісі бойынша сот үкімі шыққан болатын. Сотталғандарға 1 жыл 6 айдан 23 жылға дейінгі бас бостандығынан айырылды.
Kazakhstani students will compete for the title of the best robotics in international competitions in the United States
The 100th anniversary of Berdibek Sokpakbaev and Nurgisa Tilendiev will be celebrated at the level of UNESCO