Бүгінгі ерекше шығарылымның қонағы – "Адырна" ұлттық порталының негізін қалаушы Арман Әубәкір.
Бұл бағдарламада біз "Адырнаның" қалай пайда болғаны, оның бүгінгі бағыты мен болашағы жайында сөз қозғаймыз. Арман мырза порталдың алғашқы қадамдары, қиындықтары, 2020 жылы редакцияның қалыптасу кезеңі туралы шынайы естеліктерімен бөліседі. Қазақтың дәстүрі мен рухани құндылықтарын қорғау жолындағы күресі де басты тақырыптардың бірі болмақ. "Қандай істі бастасаң да – соңына дейін бару керек", – дейді Арман Әубәкір. "Үлкен деңгейде жұмыс жасағанымызды өзіміз де байқамай қалдық", – деп 15 жылдық еңбектің бағасын береді.
Related news