BI Group 200 қызметкеріне Францияға тегін жолдама сыйлады

2371
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7KzGDIthUqsL3YLwpUuM1NOVF1OgBN7nbeFe3MP6.jpg

BI Group компаниясы 200 қызметкерін Францияға демалысқа жіберді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рақымбаевтың айтуынша,  бұл бастама компанияда 8 жылдан бері жүзеге асып келеді.

«Компанияда 10 жылдан астам уақыт еңбек еткендердің бәріне Францияға тегін жолдама береміз. Демалысқа қарапайым жұмысшылар да, инженерлер де, топ-менеджерлер де барады. Мәселен, Гүлбаршын мен Жанна шетелге алғаш рет сапарға шығып отыр . Олар қарапайым үй менеджері болып жұмыс істейді. Үй ауласы мен кіреберісінің тазалығын қадағалайды және көршілердің чатында жауап береді. BI-дың 200 қызметкерімен бірге олар Эйфель мұнарасын, Луврда Мона Лизаны ,Монмартрды ,Версальды және басқа да тарихи жерлерді тамашалады. Командам үшін шын қуаныштымын»,–деді ол.

Компания басшысы бұл сапар қызметкерлердің еңбегін бағалау және құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылатынын атап өтті.

«Бәрінің де қандай мықты екенін және лайықты еңбек сіңіргенін білемін!»—деп қосты Айдын Рақымбаев.

 

 

Comments