Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өткен халықаралық эстрадалық әншілер фестивалі аясында әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергенге Қырғызстанның Халық әртісі атағы берілді. Бұл туралы Қанат Айтбаев Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың арнайы Жарлығымен Димашқа «Қырғызстанның Халық әртісі» атағы берілді. Бұл марапат екі ел арасындағы достық пен мәдени байланыстарды нығайту мақсатында табыс етілгені атап өтілді.

«Рахмет, қырғыз елі! Екі елдің достығы мәңгі болғай!» – деп жазды Қанат Айтбаев.
Related news